Хабар телеарнасы

Қызылорда облысында электр қуаты тапшы

Қызылорда облысында соңғы екі жылда электр энергиясын тұтынатын абоненттер саны 5,5 мыңға көбейді. Соған байланысты жарық желілеріндегі кернеу 23%-ке дейін төмендеген. Жыл сайын өңірде жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар саны артып, тоқ көзіне деген сұраныс ұлғаюда. Сондықтан жаздың ыстық күндері кейбір елді мекенде жарық сығырайып қалады.

Мәселені шешу үшін өңірде биыл құны 11 млрд теңге болатын 38 жоба жүзеге асырылып жатыр. Мұнан бөлек Қызылорда қаласында 24 қосалқы станция жаңартылады. Сонымен қатар қуаттылығы жоғары жаңа электр станциясын салу жоспарланған.

Батыржан Қаракөзов, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ басқарма төрағасы:

-Үлкен қосалқы станцияның жобасын жасап, қазір мемлекеттік экспертизаға тапсырылуда. Сол мәселе шешілсе, 1-2 жылдың ішінде құрылыс салынса, ол бізге сапасын көтеруге мүмкіншілік береді. Екі жақтан бізде кернеу келеді, тұтынушыларға жақсы. Сапалы кернеу электр қуатын жеткізуге мүмкіншілік береді.