Хабар телеарнасы

Қармақшы ауданын газбен қамтуға 7 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді

Қызылорда облысына қарасты Қармақшы ауданын газбен қамтуға 7 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді. Құрылыс жұмыстарын шілде айында бастау жоспарланған.

Жоба аясында 7 елді мекенге көгілдір отын жеткізіледі. Бүгінде аудан орталығы толықтай газбен қамтылған. Ақай елді мекеніндегі үйлер мен мекемелерге де құбыр тартылып жатыр. Дегенмен Байқоңыр қаласының іргесіндегі  Төретам кентін газдандыру жұмыстары кестеден кеш аяқталған. Жоба былтыр іске қосылуы тиіс еді.

 Жандос Еркінбек, Қармақшы ауданының әкімі:

- Мердігер мекеме жұмысты өз деңгейінде дұрыс ұйымдастырмаған соң, ар жағында біз өзіміздің тарапымыздан тексеру жұмыстарын ұйымдастырдық. Дегенмен бүгінгі күні газбен қамту мәселесі толығымен шешіліп отыр. Қазіргі таңда Төретам кентінде де кезең-кезеңімен газды пайдаланып отыр.