Жамбыл облысында жайылым жер тапшы
Жамбыл облысында 42 ауыл тұрғындары төрт түлігін жаяр жер таппай отыр. 7 ауданда 164 мың гектар жайылым жер жетіспейді. Өңірде біраз жер жекенің қолына өтіп кеткендіктен, осындай мәселе туындап отыр. Сондықтан қазір пайдаланылмай жатқан алқаптарды қайтару жұмыстары қызу жүріп жатыр.
Жауаптылар соңғы 3 жылда 519 мың гектар жерді мемлекет меншігіне алған. Ал оны заңсыз таратқан 14 әкімдік қызметкері жауапқа тартылды.
Ботагөз Боранқұлова, облыстық жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы:
- Жалпы 88 мың гектар жер игерілмей жатыр. Олардың барлығына заң бойынша жер ресурстарын басқару департаментінен нұсқама берілген. Бір жыл нұсқамасын беріп, келесі жылы тексеріледі олардың барлығы. Бірақ қазіргі таңда енді ескерту берілген кезде игерілмеген кісілердің барлығы мемлекетке қайтарып жатыр. Қазіргі 5 айдың қортындысымен 22 мың гектар жалпы қайтарылды ғой.