Хабар телеарнасы

Жетісу облысында көлдің түбі тазартылды

Жетісу облысының Алакөл ауданындағы құтқару жасағы көл түбінен жарты тоннаға жуық қоқыс шығарды. Сөйтіп «Таза Қазақстан» акциясына суда құтқару қызметі де үлес қосты.

Туристік маусым кезінде сала мамандары күшейтілген режимде жұмыс істейді. Сақтық шарасымен қатар тазалыққа да мән береді. «Жағажайға келушілер көлге пластик және адамның аяғын кесіп кететін өткір заттарды тастап кетеді»,- дейді құтқарушылар. Арасында балықшылардан қалған аулар да бар.

Марат Смағұлов, аудандық суда құтқару қызметінің басшысы:

- Жылдан жылға көбейіп барады. Неге десеңіз, мына жағалауға келген демалушылар өздерімен бірге сол қоқыстарын апаратын жеріне апармай, тастап кетеді. Соның салдарынан балалар аяқтарын кесіп алып, зардап шегіп те жатады. Демалушыларға, алакөлдіктерге айтатыным – жағалауды таза ұстауларын сұраймын.