Көкшетауда әкімдер форумы өтті
200-ден астам аудан, ауыл басшысы қатысқан алқалы жиында бюджетті тиімді пайдалану, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту мәселелері талқыланды. Форум барысында ауыл әкімдеріне ерекше басымдық берілді.
Атап айтсақ, салық, айыппұл, мүлікті заңдастыру, шаруашылық және кәсіпкерлік нысандарын есепке алу сынды бірқатар іс-шараның реті егжей-тегжей түсіндірілді. Ақпараттық парақшалар таратылып, бағыт-бағдар берілді.
Шыңғыс Жанділдин, Оразақ ауылының әкімі:
- Бізге өзімізге осындай білім керек. Жобалық-сметалық құжаттарды қалай дайындау керекпіз? Бірінші қандай құжаттарды беру керекпіз? Оны ауыл әкімдері бірінші кезекте білу керек. Осындай форумдар