БҚО-да тасқынмен күреске белсене атсалысқандар марапатталды
Биылғы су тасқынынан зардап шеккен аймақтың бірі – Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласында Жайық және Шаған өзені тасуы салдарынан 14,5 мың саяжай суға кетіп, 13 мың адам қауіпсіз жерге көшірілген еді. Сырым, Теректі, Қаратөбе, Бөрлі, Бәйтерек аудандарында 500-ге жуық тұрғын үй жарамсыз болып қалды. Жайықтың жағасындағы 84 елді мекенді аман алып қалу үшін 150 шақырымдай бөгет салынды.
Тасқынға тосқауыл қоюға аянбай атсалысқан азаматтар аз емес. Солардың бірқатары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен марапатталған болатын. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев 5 азаматқа 3 дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін және «Ерен еңбегі үшін» медальдарын табыс етті.
Жанболат Өмірзақов, электр желілерін тарату компаниясының қызметкері:
- Біздер мына судың алдында Ақсайда судың ортасында бағандар құлап, 10 мың В, сонда судың ортасында жүрдік. Сымды тартып, ауылға жарық бердік. Судың арасында барлық қолымыздан келген жұмысымызды атқардық деп ойлаймын