Арыста «Таза Қазақстан» республикалық акциясы ұйымдастырылды
Арыс қаласында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы ұйымдастырылды. Оған мемлекеттік қызметкерлер мен ардагерлер, спортшылар және қала жастары атсалысты.
500-ден астам табиғат жанашыры жол жиегін қураған шөптен тазартып, ағаштардың түбін әктеді. Сынған бұталарды жинастырып, күл-қоқыстан тазартты. Акция барысында 10 тоннаға жуық қоқыс шығарылған.
Сырлыбек Мұсабеков, қоғам белсендісі:
- Әркім өз ауласын таза ұстаса, барлық жер таза болады деген сөз бар ғой. Сондықтан ел де, жер де ортақ болғандықтан, халықты осындай сенбілкке, тазалыққа шақырамыз, атсалысайық! Науқан жылдың соңына дейін жалғасады.