Ақтауда Каспий жағажайын тазарту жұмыстары басталды
Ақтауда Каспий жағажайын тазарту жұмыстары басталды. «Таза Қазақстан» эконауқаны аясында «Самал» мөлтек ауданынан бастап «жылы жағажайға» дейінгі аумақта бір ай бойы сенбілік өткізу жоспарланған. Шаһар әкімдігі бұл жұмыстарға 20 млн теңге бөлді. Тендерді ұтқан мердігер мекеме жұмысшылары күні бойы теңіз жиегінде жатқан тастар мен балдырларды арнайы техникамен күреп, полигонға тасыды. Бұған дейін Ақтаудың өндірістік аймағынан 25 мың тонна тұрмыстық қалдық шығарылып, бірнеше қоқыс алаңы жойылды.
Айдар Бисенов, қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:
- Осы тұрғындардың наразылықтарын, шағымдарына сәйкес осындай жұмысты жүргізуге шешім шығардық. Қазір табиғи құбылыстарға сәйкес Каспий теңізінің тартылуы байқалуда. Сол теңіздің астынан шығып жатқан тастар да мүмкіндігінше барлығы шығарылатын болады.