Хабар телеарнасы

Шымкентте «Қошқар ата» өзенінің жағасы күл-қоқыстан тазартылды

«Таза Қазақстан» эконауқаны аясында таңсәріден сенбілікке шыққан коммуналдық мекеме жұмысшыларына қала тұрғындары да көмектесті. Өзен жағалауында шашылған пластик бөтелке, тағам қалдықтары жүздеген қапшыққа жиналды. Еріктілер қураған тал-көшетті қырқып, жайқалған ағаштардың түбін әктеді. Тазалық акциясы қала көшелері мен саябақтарда жалғасады.

Валентина Невзорова, қала тұрғыны:

- Шымкентте тұрып жатқаныма 40 жыл болса да, осындай ауқымды шараға алғаш қатысуым. Сенбілік көңілімізден шықты. Айтпағым, табиғат аясын күтіп ұстау – тұрғындарға ортақ міндет.