БҚО-да браконьерлікке тосқауыл қойылды. Өңір жаңалықтары
Келер жылдан бастап қазақстандықтар әлеуметтік нысандарды есепке алмағанда, 500-ден астам объектінің активін сатып ала алады. Ең алдымен автобус парктері, байланыс операторлары мен коммуналдық мекеме сынды нысандардың активтері ашық түрде саудаға қойылады.
Астанада жекешелендіру жөніндегі ұлттық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Парламент депутаттары, министрлік өкілдері мен ірі холдинг басшылары 3 жылға арналған стратегиялық бағытты айқындады. Оған сәйкес, келесі айдың соңына дейін жекешелендіруге жататын объектілердің тізімі құрылады. Ал жыл соңына дейін нақты шешім қабылданады.
Елдің батысында браконьерлікке тосқауыл қойылды. Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарындағы бекіре және басқа да балық түрлері уылдырық шашу кезінде қорғауға алынды. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар балықтарды ұстаған азаматтарға қатысты 71 қылмыстық іс қозғалды. Құқықбұзушыларға салынған айыппұл көлемі 19 млн теңгеден асады. 11 мың тонна балық тәркіленді.
Елімізде алғаш рет радиофармпрепараттар әуе байланысы арқылы тасымалданды.
Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ұлықбек Медеубековтің айтуынша, бұл препараттар ПЭТ, КТ сынды зерттеулерді өткізу үшін өте маңызды. Жарамдылық мерзімі қысқа болғандықтан, тез жеткізуге баса мән берген жөн. Ал елде ПЭТ зерттеуін өткізуге 4 мыңнан астам адам кезекте тұр.