«Семей орманы» резерватына жаңа техника алынады
Биыл орман шаруашылығы саласына техника алуға бюджеттен 40 миллиард бөлінеді. Осылайша «Семей орманы» резерватына 5 харвестер және 5 форвардер деп аталатын заманауи трактор сатып алынбақ. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Абай облысына сапары барысында айтты. Ерлан Нысанбаев резерваттың өрт қаупі жоғары кезеңге дайындығын пысықтады. Қазір Семей Орманында жаңа техникалардың көмегімен өртенген ағаштар кесіліп, аумағындағы қоқыстар тазартылып жатыр.
Ерлан Нысанбаев ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:
- 63 мың га ағашымыз тұрғой. 6 мың куб метр. Енді соны тазалау жұмысының барысын көріп шықтық. 29 бригада жасап жатыр екен. 30 мыңдай ағаш әзірленген. Үлкен бір компания жұмысқа кіріскен екен. Күніне 170 шаршы метр жасап жатыр.