Жезқазған жылу желілерін қысқы маусымға әзірлеу жұмыстарына 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Жезқазғанда жылу желілерін қысқы маусымға әзірлеу жұмыстарына 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Оның 1 млрд 700 млн теңгесі - жергілікті қазына қаржаты. Бұл қаражыға 8 шақырым жылу және су құбыры жаңартылады. Атқарылған жұмыс барысымен Парламент Сенатының депутаттары танысты. Қысқы маусымға әзірлік кестеге сай жүргізіліп жатыр. Дегенмен, бірқатар мәселе бар. Ұзақ жыл жеке компанияның сенімгерлік басқаруында болған мекеме былтыр коммуналдық меншікке өткен. Қарамағындағы жылу желілерінің 70 проценті тозып тұр. Кәсіпорын басшылығы қаржылық қиындықтан шығу үшін келер жылдан бастап «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасына қатысуға ниетті.
Серік Шайдаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Қазір өздеріңіз білесіздер, жаңа заң қабылданды ғой, жылу энергетикасы жөнінде. Дайындық жүріп жатыр жоспарлы түрде. Бірақ, әрине бұл облыс орталығы болғаннан кейін республикалық бюджеттен қаражат бөлу міндетті түрде керек боп отыр. Өйткені, қарқын солай боп жатыр. оның бәрін атқармаса ертеңгі күні қысқа дайындық іске аспай қалуы мүмкін.