«Таза Қазақстан» акциясы Түркістан облысының Қазығұрт ауданында жалғасты
Түркістан облысы Қазығұрт ауданының табиғат жанашырлары республикалық маңызы бар «Алматы - Термез» автожолының бойын күл-қоқыс пен арам шөптен тазартып, ағаштың түбін әктеді. Бұдан бөлек, аудан орталығындағы 223 көше тазаланды. Балалардың ойын алаңдары ретке келтіріліп, 93 аялдама сырланды. Сондай-ақ 10 үйдің сырты әктеліп, арық-атыз қоқыстан тазартылды. Экология акциясына мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер мен еріктілер және қарапайым ауыл тұрғындары қатысты.
Азизхан Исмаилов, Қазығұрт ауданының әкімі:
- Республикалық және облыстың маңызы бар жол бойында тазалық жұмысы, елді мекендерде, көпшілік орындарда ағаш, гүл көшеттерін отырғызу, қоқыстан тазарту, әктеу, сырлау сынды жүйелі жұмыстар жүргізілді. Мұның баршасы «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан шаралар.