Хабар телеарнасы

Сенат депутаттары Алматы облысына жұмыс сапарымен барды

Жол құрылысына қажетті жер телімін алдын ала белгілеп, мемлекеттік меншікке өткізіп қою керек. Мұны Алматы облысына жұмыс сапарымен барған сенаторлар айтты. Олар Үлкен Алматы айналма автожолының жұмысымен танысты. Мұнда көлік көпірі жыл санап артып барады. Қазір бір тәулікте 46 мыңнан астам көлік жүреді. Жол мамандары кептелістің алдын алу амалдарын қарастыра келе, Қарасай ауданында күре жолға кіретін тағы бір қосымша жол салу керектігін айтты. Депутаттардың пікірінше жер телімдерін алдын ала белгілеп қойса, жол құрылысының шығыны да азаяды.