Елімізде дәрі-дәрмекті цифлық таңбалау басталды
Бүгіннен бастап жаңа заң талабы бойынша елімізде дәрі-дәрмекті цифлық таңбалау басталды. Яғни дәрілік заттарды осындай жолмен есепке алудың алғашқы кезеңі енгізілді. Енді дәрі-дәрмек мен дәрілік препарат таңбалануға міндетті. Денсаулық сақтау министрлігі мамандарының айтуынша бұл нарықтағы бағаны бақылап, заңсыз сауданың жолын кесуге мүмкіндік береді. «Өзгеріс дәрі-дәрмек бағасына айтарлықтай әсер етпейді»,- дейді жауаптылар.
Ерік Құлшанов, ҚР ДСМ Фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасының басшысы:
- Кәсіпорындарда цифрлық таңбалау кезінде мәселе туындаса, біз техникалық жағынан көмек көрсетуге дайынбыз. Біз бірден айыппұл салып, кәсіпкерлерге қысым көрсетпейміз. Басында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Мәселен, қазақстандықтар қолданатын дәрі-дәрмектің 85 пайызы елімізде өндіріледі. Яғни өндіріс орнында, тауарды бірден цифрлық таңбалау қажет болады. Егер жаңа заңды ескермесе, жауапкершілікке тартылады.