Хабар телеарнасы

«Таза Қазақстан» науқанына 2,5 миллион адам қатысты

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы биыл Экология жылы деп жариялаған еді. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» эко науқанына бүгінге дейін 2 жарым миллион адам қатысты. 900 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. 4 мың 600-ден астам саябақ пен қоғамдық орындарда абаттандыру жүргізілді. Ал, 20 мыңнан астам әлеуметтік нысан аумағы тазартылды. 2 жарым миллионға жуық жасыл желек отырғызылды. 758 субұрқақ қалыпқа келді. 5 миллион 800 мың шаршы шақырым су айдындарының айналасы тазартылды. 8 жарым миллонға жуық шаршы шақырым арық желісі қазылды. Жалпы, науқанға 40 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылған.