Хабар телеарнасы

Шымкенттегі инфрақұрылым және логистика мәселелерін жедел шешу қажет

Мемлекет басшысының тапсырмасымен халықаралық сауда орталығын құру және батыс айналма жолын жандандыру - негізгі міндет. Аймаққа жұмыс сапарымен барған Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев актив жиынында осылай деді. Президент жүктеген міндеттерді іске асыру жолдарын талқылап, жұмыстың жаңа форматын орнықтырудың маңыздылығына тоқталды. «Ал күн тәртібіндегі ауқымды құрылыс жобаларды жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен қолдау болады»,— деді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-Мұндай түйткілдер көбіне қаржылық мүмкіндікке келіп тірелетіні түсінікті. Сондықтан алдағы сессияда республика бюджетін қараған кезде осы мәселелерді назарға алып, сіздердің ұсыныстарыңызды ескеруге тырысамыз.