Хабар телеарнасы

Жамбыл облысында шаруалардың көңілі алаң

Бір айдан бері Меркі қант зауытының алдында кептеліс... Себебі аймақтағы қызылша өңдейтін жалғыз зауыт, өнімді қабылдап үлгермей жатыр. Сондықтан жүк көліктері тауарын түсіріп кету үшін, апталап күтуге мәжбүр. «Бұлай жалғаса берсе, қар түсіп өнімді үсік шалады»,– дейді шаруалар.. Мәселе қалай шешіледі?

Күз басында рекодтық өнім алдық деп қуанған шаруалардың қазір көңілі күпті. Себебі алқаптан артып жіберген өнімі апталап зауыт алдында тұрып қалды. Қазір кәсіпорын алдында 500-ге тарда көлік кептеліп тұр.

Жалғасбай Данаев, шаруа:

-Күннен күнге көбейіп жатыр. Бұрын екі күнде кіріп шықсақ, қазір апталап жатамыз. Мысалы, бүгін алтыншы күнім, ертең жетінші. Менің очередім әлі келмейді. Мынау қабылдау қуаттылықтары жоқ. Техникасының бәрі қирайды. Өңшең ескі техникалар ғой менімен жасты.

Биыл аймақта 10 800 гектарға қызылша егіліп, сол алқаптардан 600 мың тоннадан аса өнім алу жоспарланып отыр. Қазір 4,5 мың гектардан 305 мың тонна тәтті түбір жиналды. Ал оның 222 мыңын Меркі қант зауыты қабылдаған. Қазір зауыттың қылша түсіруге арналған алаңы толып қалды. Сондықтан да қабылдау жұмыстары тежелген. Мәселені шешу үшін жергілікті билік тағы 70 мың тоннаға шақталған жаңа алаң ашуды жоспарлап отыр.

Әбдірасыл Желеубаев, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

-Зауыттың кагадтың алаңында жиналған екінші кагадты ашуымыз өнімді барынша өңдеуге мүмкіндік береді. Одан кейін Меркі қант зауыты 10 күнде 20-25 мың тонна өнімді өңдейді. Соның есебінен Меркі қант зауытының ішіндегі кагадтың поляның өзі босайды. Соның есебінен 10 күннің ішінде өнімді біз екі жаққа да өткізуді ұйымдастыратын боламыз.

Аймақтағы қант зауыты шаруалар өнімін ақпан айына дейін қабылдайды. Бірақ қуаттылығына қарай 450 мың тонна ғана. Қалған қызылша Ақсу зауытына жіберілмек. Қазірдің өзінде 13 қожалық 110 мың тонна тәтті түбірді өткізу туралы келісімшарт жасасқан.

Саха Манатов, облыстық Қызылша өсірушілер қауымдастығының төрағасы:

-Үкімет зауыттарға максимальды көмек беру керек. Шаруа жұмыс жасауы үшін бізге сбыт керек. Ал сбыт бұл завод. Заводты Үкімет қолға алу керек. Беру керек ақшаны максималды миллиардтап оборудованиесін жаңарту керек. Солардың бәрін жаңартқаннан кейін біздерде жұмыс болады.

Салаға жауапты басқарма мамандары келесі жылы дәл осындай мәселе туындамас үшін, Тараз қант зауытының басшылығымен келіссөз жүргізіп жатыр. Ескі кәсіпорынды қайта жаңғырту үшін жобалық сметалық құжаттама жасалада.

Авторлары: Мерей Бает, Бақытжан Бапеав, Елдар Байдәлді