Су тасқыны: Жайық өзенінің жағасына қойылған қаптар жиналып жатыр
Атырауда тасқын судан қорғану мақсатында Жайық өзенінің жағасына қойылған қаптар жиналып жатыр. «Таза Қазақстан» науқанына «AMANAT» партиясы облыстық филиалының қызметкерлері, мәслихат депутаттары, жастар мен бірнеше мекеме ұжымы атсалысты. 200-ге жуық адам қатысқан экологиялық акция облыс орталығындағы Жастар саябағы мен Тұрғындар қалашығы аумағында өтті. Эконауқан алдағы уақытта да жалғасын табады.
Абдолла Идресов, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы:
-Су тасқынының алдын алу жұмыстары жақсы деңгейде өтті. Енді қаланы қалыпты өмірге келтіру керек. Қала таза болуы керек. Жағажайды тазалағаннан кейін де одан бөлек аулалардың ішін тазалау керек болады. Сондықтан да барлық қала тұрғындарын осы акцияларға белсенді қатысуға шақырамын.