Алматы мемлекеттік қуыршақ театры Канадада өткен «Оттава» фестивалінде топ жарды
Алматы мемлекеттік қуыршақ театры Канадада өткен І Халықаралық «Оттава» қуыршақ театрлар фестивалінде топ жарды. Отандастарымыз «Ромео мен Джульетта» қойылымы үшін гран-при жеңіп алды. Театр репертуарындағы Уильям Шекспирдің әйгілі трагедиясы 2019 жылы белгілі режиссер Дина Жұмабаеваның жетекшілігімен сахналанған. Бұл қойылым 2022 жылы Болгарияның Варна қаласында халықаралық «Алтын дельфин» қуыршақ театрлар фестивалінде де үздік деп танылып, гран-при иеленген еді. Ал 2021 жылы Әшірбек Сығай атындағы «Сын – шын болсын» республикалық театрлар фестивалінде І орынды жеңіп алған. Енді канадалықтар да, сонда тұрып жатқан отандастарымыз да қазақ театрының туындысын жоғары бағалап отыр.