World Heritage Journey платформасында Жібек жолы бойынша арнайы бөлім құрылды
World Heritage Journey халықаралық онлайн платформасында Жібек жолы бойынша арнайы бөлім құрылды. Енді әлемнің кез келген жерінен Жібек жолы мұрасы бойынша ағылшын және орыс тілінде ақпарат алуға болады. 2018 жылдан бері «Орталық Азиядағы Жібек жолы мұраларының дәліздері» жобасы аясында жүзеге асырылды. Ауқымды жобаны ЕуроОдақ қаржыландырған. Одан бөлек, Орталық Азиядағы бірнеше мәдени нысан қайта жөнделіп, жаңартылып жатыр. Мұны бүгін Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускас мәлім етті. Қазақстандағы ортағасырлық Құлан қалашығы мен Тәжікстан ұлттық саябағы, Хиуадағы бүкіләлемдік мұра нысаны, Қырғызстандағы Қызыл өзен қалашығы жөндеуден өтеді. Іс-шарада Жібек жолының 60 тарихи мұражайының виртуалды көрмесі де ұсынылды.
Маджер Массанов, жобаны ұйымдастырушы:
-Бұл ауқымды жоба қазан айына дейін жалғасады. Негізгі мақсаты - тарихи орындарға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жергілікті мамандардың білімін дамытып және тұрақты туризмді қалыптастыру. Сондықтан заманауи үлгіде мәдени орындардың келбетіне көп көңіл бөлінуде. Мәселен, жоба аясында Қазақстанда жөндеу көрген 4 мәдени мұра бар.