Мемлекеттік қызмет көрсету саласында 59 мыңға жуық заңбұзушылық анықталған
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында биыл 59 мыңға жуық заң бұзушылық анықталған. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде өткен отырыста айтылды. Олқылықтардың басым бөлігі қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту және мерзімнің сақталмауына қатысты. Арнайы топ қазір тұтас салаға талдау жасап жұмысты жетілдіру мәселелерін пысықтауда. Мысалы, кәсіпкерлерге лицензия мерзімнің аяқталатынын алдын-ала ескерту тәртібін енгізу ұсынылды. Айта кетейік, Қазақстанда бүгінде 1300 астам мемлекеттік қызмет түрі бар. Оның 92 пайызы – электронды.
Салауат Мүксімов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары:
- Көп жағдайда мемлекеттік орган өзіне қолайлы жағдай жасап алады. Мысалы, ол өзінің ережелерінде электронды көрсетіледі дейді немесе қағаз түрінде дейді. Немесе дегенге сүйене отырып ол қағаз түрінде жалғастыра беруі мүмкін. Тіпті электронды түрде атқармайды да ол қызметті. Осындай 141 қызметті дәл солай баламасыз түрге көшіру ұсынылып отыр.