150 волонтер Жаңатас қаласын тазартуға атсалысты
Жамбыл облысының жастары «Таза Қазақстан» науқаны аясында Жаңатас қаласын тазартуға атсалысты. Шаһарда сел жүріп, 13 көшесін су басқан еді. 150 волонтёр ағыннан қалған қалдықты жинап, арықтар мен көшені, ойын алаңшаларын тазалады. Олар бір күннің өзінде 12 жарым тонна қоқыс шығарған.
Абзал Есіркепов, волонтёр:
- Тек қана Тараз қаласы емес сонымен қатар Жамбыл Байзақ Жуалы Талас аудандарының еріктілері де келіп қосылған болатын. Осындай қиын кезеңде біздің еріктілер назардан тыс қалмай осы өңірге қарай өз қол ұшымызды созуға келдік.
Жалпы, бүгін Жамбыл облысының барлық ауданында «Таза Қазақстан» акциясы өтті. Науқан басталғалы 500 мыңнан аса адам 818 шақырым канал мен арық жүйесін, 4 жарым мың шақырым көшені тазалаған. 12 мың тонна қоқыс шығарылды.