Хабар телеарнасы

Ақтөбе облысында судан зардап шеккендерге 406 үй сатып алынды

Ақтөбе облысында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен отбасыларды баспанамен қамту үшін 406 үй сатып алынды. Тек Мұғалжар ауданында 53 әулет баспаналы болды. Дайын пәтер немесе үй алу үшін түрлі қорлардан 900 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Ал аудан бойынша тасқын кезінде 76 үй мен 3 коммерциялық нысанға зақым келіп, 8 шаруа қожалығы шығынға ұшыраған еді. Зардап шеккендерге 26 миллион теңгеден астам біржолғы көмек берілді. Бүгінде Жағабұлақ ауылында 9, Бірлік ауылында 5 үй салынып жатыр. 

Әлима Нәубетова, Қандыағаш қаласының тұрғыны:
-Осындай қиын сәтте мемлекетімізден қолдау көрсетіліп, қазіргі таңда Қандыағаш қаласынан үй беріп жатыр. Бұл үйді біз өзіміздің қалауымызбен алдық. Үй жайлы кең, өте жақсы. Осындай қиын сәтте қолдау көрсеткен мемлекетімізге алғыс айтамын.