Петропавлда тасқыннан зардап шеккен 35 отбасы баспаналы болды
Петропавлда көктемгі тасқыннан зардап шеккен тұрғындардың тағы бір легі баспаналы болды. Қала шетіндегі «Бірлік» шағын ауданында 35 үйдің кілті салтанатты түрде табысталды. Олардың құрылысына еліміздің ірі компаниялары қаржылай қолдау көрсетті. Жұмыс сапасын техникалық қадағалау мамандары бақылауға алған. Әр баспанаға екі жыл кепілдік беріледі. Сонымен қатар мұнда 90 орындық балабақша салынып жатыр. Әлеуметтік нысан қыркүйек айының соңында тапсырылуы тиіс. Одан бөлек қор есебінен пәтерлер сатып алынады.
Серік Мұхамедиев, қала әкімі:
-Қала бойынша 1696 үй апатты деп танылды. Тасқын судан зардап шеккендердің бір бөлігі «Бірлік» шағын ауданына қоныстанады, ал қалғанына екінші нарықтан баспана қарастырылады. Бүгінгі таңда оларға 700-ден аса пәтер сатып алынды.