Хабар телеарнасы

Енді еттің сапасын QR-код арқылы тексеруге болады

Жаңа жүйе малдың қай өңірде өсірілгені туралы және оны союдан бастап сатуға шығарғанға дейінгі кезеңі туралы толық мәлімет береді. Бүгінге дейін QR-кодпен 117 мыңнан астам ветеринариялық анықтама, 438 мың сараптама қорытындысы шығарылды. Республика бойынша бұл жаңалықты енгізуге 1 600-ден астам мал сою орны, ветеринарлық-санитарлық сараптама зертханалары, сауда орындары дайын. Ауыл шаруашылығы министрлігі мамандарының айтуынша, бұдан былай ет сапасы жіті бақылауда. 

Әскербек Құрманғалиев, ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:
-Малды жеке аулада союға рұқсат жоқ. Заң бойынша рұқсат етілмеген. Арнайы мал сою орындарында сойылу қажет. QR арқылы сатып алушы мен сатушы, шыққан өнімнің тегін, малдың қай жылы туылғанын, оған қандай ветеринарлық іс шаралар жүргізілді, ветеринарлық сараптамадан өткізген кім? Соның барлығы туралы ақпаратты осы QR арқылы білуге болады.