Хабар телеарнасы

Антикор білім саласындағы екі қылмыстық топтың жолын кесті

Таныстарын мектепте мұғалім деп тіркеп, миллиардтаған ақша жымқырған. Антикор білім саласындағы шеңділерден құралған екі қылмыстық топтың жолын кесті.

Күдіктілер білім беру саласында жұмыс істеvеген жеке тұлғаларға және өздерінің жеке шоттарына жалақы аударып отырған. Осылайша 3 жылда Жетісу облысында 4 млрд 300 млн теңге, ал Түркістан облысында 3 млрд 700 млн теңге мемлекет қаржысын қолды қылып үлгерген. Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр. Кейбірінің ісі сотқа жолданған.

Ал Астанада 460-тан астам автокөлікті заңсыз есепке қойғандардың үстінен үкім шықты. Олардың қатарында полиция мен хылыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері де бар. Мемлекетке 1 млрд 200 миллион теңге залал келген.

Жалпы биыл Антикор жемқорлыққа байланысты 49 қылмыс ашып, пара алған 212 адамды әшкереледі.