Павлодар облысының жылу желілерін жөндеуге ₸9 млрд бөлінді
Павлодар облысының жылу желілерін жөндеуге Үкімет резервінен 9 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржыға 30 шақырымнан астам жылу желісі жаңғыртылады. Құбыр жөндеу жұмыстары қазір үш қалада қатар жүріп жатыр. Облыс орталығы мен Екібастұзда үлкен диаметрлі жылу магистралі ауыстырылады. Ал Ақсу қаласында әбден тозған 4 шақырымға жуық орамішілік құбырлар жаңартылып жатыр.