Хабар телеарнасы

«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының» қарызы ₸10 трлн-ға жетті

Мұны бүгін компания өкілдері айтты. «Алайда нақты берешек сомасы 8 трлн теңге»,— дейді олар. Оның жартысы шет елдерден алынған. «Негізгі борышкерлер қатарында «ҚазМұнайГаз» бен «ҚазАтомӨнеркәсіп» секілді ұлттық компаниялар тұр. Бұл компанияның өкілдері ақшаны тиімді жобаларға жұмсадық»,— деп отыр. Мәселен, Қытайдан 2 млрд доллар алып, полипропилен өндіретін зауыт ашқан. Айта кетейін, елдегі ұлттық компаниялардың бәрі «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорына қарайды. Журналистер «Қазақстан темір жолының» қаржылық жағдайын да сұрады. Өткен айда Жоғары аудиторлық палата ұлттық теміржол тасымалдаушысын банкорттың аз-ақ алдында тұр деген болатын.

Мират Өтепов, «Самұрық-Қазына» АҚ департамент директоры:
-Бұл жерде дефолтты жағдай деп айтуға болмайды. Себебі қазіргі таңда «ҚТЖ»-ның қаржылық тұрақтылығы небір беделді рейтинг агенттіктерімен бекітілген. Бұлардың болжаулары позитивный. Себебі «ҚТЖ»-ның сыртқы қарызы жылдан жылға азайып келеді. Кезінде болған қымбат қарыздарды қазір жеңілдетуге жұмыстанып жатырмыз.