Риддердегі ЖЭО-ны жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр
Қолданысқа берілгеніне жарты ғасырдан асқан орталық әбден ескірген. Жылыту маусымының басына қарай 2 қазандық агрегатын іске қосу жоспарланып отыр. Реконструкция аяқталғаннан кейін жылу көзінің тозуы 40% дейін төмендейді. Үкімет басшысы Олжас Бектенов жылыту маусымының тұрақты өтуі үшін жұмысты жеделтетуді тапсырды.