Хабар телеарнасы

Ақтөбе облысында тасқыннан шығынға батқан кәсіпкерлерге өтемақы төленеді

Ақтөбе облысында көктемгі су тасқыны кезінде шығынға батқан кәсіп иелеріне 724 млн теңге өтемақы төленеді. Өңірлік комиссия 57 өтінімді мақұлдады. Қазірдің өзінде 41 кәсіпкер 542 млн теңге көмек алған. Көктемде жиһаз жасайтын цех, пластик бұйымдар шығаратын кәсіпорын, бірқатар дүкен мен қала сыртындағы демалыс базасы және техникалық қызмет көрсету станциялары зардап шеккен болатын. Таяуда аргаралық өнеркәсіппен айналысатын шаруаларға да өтемақы төленеді. 

Думан Дәулетияров, облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары:

-Агроөнеркәсіп саласына жататын кәсіпкерлер де мүліктік шығындарын өтеу үшін Ұлттық экономика министрлігінің 24 жылғы 13 қыркүйектегі бұйрығы бекітілді. Бекітілген бұйрыққа сәйкес агроөнеркәсіп саласында жылжымайтын мүліктің ғана өтемақы жүргізіледі. Қазіргі таңда кәсіпкерлік басқармасы өтініш қабылдау жұмыстарын жалғастыруда.