Хабар телеарнасы

Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды

Судан зардап шеккендер суықта  қалмауы керек. Үкімет басшысы Олжас Бектенов, Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған үйлердің құрылыс барысымен танысты. Премьер-Министр облыстағы  Теректі ауданындағы Подстепное ауылында, Деркөл кентінде және Орал қаласындағы «Жұлдыз» ықшамауданында болды. Мұнда жалпы саны  400-ге жуық тұрғын үйдің  құрылысы жүріп жатыр. Бірақ, бұл аймақта  жұмыс кестесінен кешігу байқалады. «Облыста үйлерін күтіп, уақытша баспаналарда тұрып жатқан отбасылар көп. Сондықтан, құрылыс жұмыстарын жеделдетіп, 2-3 ауысымдық жұмыс кестесіне көшу қажет», деді Премьер-министр.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Сапасы да жоғары болу керек. Әйтпесе, интернеттен көріп жатамыз. Қабырғалары қирап жатады, жел соқса. Ондай болмасын. Бақылау керек.