Хабар телеарнасы

Елімізде күрделі босану мен медициналық қызмет бағасы қымбаттады

Қазақстанда күрделі босану мен медициналық қызмет бағасы қымбаттады. Мәселен, кесар тілігінің бағасы -  60 пайыз, ал жаңа туған нәрестені күту -  35 пайыз қымбаттаған. Денсаулық сақтау министрлігі, бағаның өсуіне шығынның толық жабылмауы себеп,- дейді. Бағаның өскенін қызмет сапасының жақсарғанымен де байланыстырып отыр. Айта кетейік, елімізде жыл сайын 20 мың бала шала туады. Оның 5 мыңнан астамының салмағы 900 грамм мен бір келі аралығында болады. Мамандар мұндай жағдайды болдырмау үшін әйелдер жүктілікті жоспарлауы қажет,- дейді. Көбінде тіс жегісінен инфекция түсетін көрінеді.

Мағрипа Ембергенова, Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті директоры:

- Шала туған балалар ауру емес. Тек олардың барлық мүшелері толық дамымаған. Сол сәбилерді арнайы аппарат астында ұстап, күту қажет. Олардың жасушалары мен жүректері әлсіз. Біз үшін балаларды аман алып қалып, мүгедек болмай дұрыс қалыптасқаны маңызды. Сондықтан шаралар қабылдауға тырысамыз.  Жұдырықтай сәби өзі тыныс ала бастағанда, анасының жанына шығарамыз. Өкінішке қарай, елде шала туған балалар саны азаймай тұр.