Хабар телеарнасы

«Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» тас жолының 38 шақырымы пайдалануға берілді

Құрылысы тұралап, халықты діңкелеткен «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» тас жолының 38 шақырымы пайдалануға берілді. Бұл Талдықорғаннан Қызылағаш ауылына дейінгі аралық. Бұрыңғы екі жолақтының орнына төрт жолақты асфальт салынып, кеңейген. Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарын байланыстыратын автомагистралдің ұзындығы 770 шақырымға жуықтайды. Оны шетелдік компания 16 бөлікке бөліп, қайта жаңғыртып жатыр. 2019 жылы іске кіріскен олар тиісті жұмыстың басым бөлігін аяқтаған. Жыл соңына дейін кезең кезеңмен ашуды жоспарлап отыр. Ауқымды жобаға 300 миллиард теңге бөлінген.

Дархан Иманашев, «Қазавтожол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

- Жетісу облысы бойынша 314 шақырым. 314 шақырымның ішінде 100 пайыз асфальт төселінді. Бірінші, екінші бөлігінде жол белгілері орнатылған. Ары қарай бөліктерін қыркүйек немесе қазан айына дейін аяқтаймыз. Президент тапсырмасы бойынша Талдықорған-Өскемен жолы биыл бітіру керек. Соған міндет атқарып жатырмыз.