Хабар телеарнасы

«Таза Қазақстан» науқаны аясында Ақтауда 2,5 тонна қоқыс шығарылды

Ақтауда «Таза Қазақстан» науқаны аясында 2,5 тонна қоқыс шығарылды. Тазалық шарасын Маңғыстау облыстық Қазақстан Халқы ассамблеясының өкілдері ұйымдастырған. Достық пен бірлікті ту еткен ұжым бірер сағат ішінде «Ана мен бала» перинаталды орталығының аумағын қоқыстан тазартып, шіріген шөп пен сынған ағаш бұталарын жинастырды.

Ильдар Қасымов, ҚХА өкілі:

- Қаламыз Қазақстанымыз таза болуы керек. Қоқысты лақтырмауымыз керек. Біздің Отанымызды сыйлауымыз керек, мақсатымыз – сол.