Шымкенттіктер шілде айында автогаз тапшылығын сезді
1 айдан бері бекеттердің алды ұзын сонар кезек. Көпшілігі сұйылтылған отынның жоқтығынан жабылып та қалған. Көлік жүргізушілері кәсіпкерлер газ бағасын қымбаттату үшін тапшылықты әдейі ұйымдастырып отыр деп ашынады. Энергетика министрлігінің мәліметінше, мәселені шешу үшін айдың соңына қарай аймаққа қосымша автогаз беру жоспарланып отыр.
Елтай Әлиев, Энергетика министрлігі газ департаменті басшысының орынбасары:
-ТШО-мен жаңа жиналыс болды. Қосымша көлемдер шығару қарастырылып жатыр. Шығатын көлем 700 тонна. Нақты жұмыстар қазір жүргізіліп жатыр. КТЖ мен акиматпен. Осы аптада дефициттан шығамыз.