Хабар телеарнасы

Атырауда құстар неден қырылды?

Соңғы екі күнде 60-қа жуық қанаттының өлексесі мұнай өңдеу зауытының аумағындағы «Сасық сай» булану алаңынан табылған. Бұл жерге Атырау мұнай өңдеу зауытынан шыққан техникалық су құйылып жатыр. Алайда кәсіпорын басшылығы: «Мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған, суымызды жиі тексеріп, сынама алып отырамыз»,— дейді. Табылған құстардың өлексесі мен судан алынған сынама сараптамаға жіберілді. Содан кейін ғана құстардың неден қырылғаны белгілі болмақ.

Мереке Шалқаров, облыстық Орман шаруашылығы инспекциясы бөлімінің бас маманы:
-Кеше санағанымда 55 дана өлексе, оның 7-еуі аққу болды. Қалғандары лысуха құстары. Қазір енді жүрген жолымызды қарап келе жатырмыз. Жоқ, алып кеткен сияқты.

Нұрлан Ещанов, зауыттың қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы:
-Судың құрамында мұнайдың көрсеткіші 1,8 миллиграм на литр болуы керек. Содан жоғары болмауы керек. Ал біздерде 0,4-0,3 көрсетіп тұр. Енді су таза.