Ферроқорытпа зауыты қайтыс болған жұмысшының отбасына көмек көрсетеді
Қарағанды ферроқорытпа зауытында қайтыс болған жұмысшының отбасына жан-жақты көмек көрсетіледі. Жұмыс беруші 10 жылдық жалақыны өтеуді, отбасының тұрғын үй жағдайын реттеуді, несиелерін төлеуді өз мойнына алды. Бұл туралы кәсіпорынның баспасөз қызметі хабарлады. Ауруханада тағы 7 адам ем қабылдап жатыр. Бес науқастың жағдайы ауыр. Еске салайық, 20 шілде күні зауытта төтенше жағдай болып, 8 адам зардап шекті. Денесінің 85% күйік шалған 31 жастағы азамат күні кеше қайтыс болды. Қазір арнайы комиссия өндіріс орнында тексеріс жүргізіп жатыр.
Еркін-Дәуір Құрманғалиев, көпсалалы аурухананың директоры:
-Жағдайлары ауыр. Жалпы ем-шаралар жасалып жатыр. Ғылыми травматологиялық институтпен зум арқылы конференция болған. Жоспарлы жұмыстар айтылды. Барлық ем-шаралар жүргізіліп жатыр.