Астанада қоғамдық көліктерді бақылаушылардың саны артуы мүмкін
Астанадағы автобус парктері қоғамдық көліктерді бақылаушы мамандар санын арттыруға ниетті. Қазір жол ақысының уақытылы төленуін қадағалайтын 300 қызметкер бар. Олар барлық бағытты бақылап үлгермейді. Осыны пайдаланған жолаушылардың 30%-ке жуығы тегін қатынайды екен. Олармен күресу үшін енді бақылаушыларды көбейту жоспарлануда. «Жыл соңына дейін кем дегенде 50 адамды жұмысқа аламыз», - дейді. Бұл мәселе қаншалықты өзекті?
Астана көшелеріне күнделікті бір мыңнан астам автобус шығады. Барлық бағдарды қоса алағанда 700 мыңға жуық жолаушы тасымалданады. Қоғамдық көлік қызметіне көңіліңіз тола ма? Осындай сұрақпен азаматтарды сөзге тарттық.
Блиц-сауалнама:
- Уақтылы жүреді оған проблема жоқ. Бірақ адамдар жол ақысын төлемегенін оларға қалай айтасыз.
- Кейбір автобустар ыстық болады. Кондиционері жоқ.
- Адамдар төлемейді. Мүмкін содан кейін қымбаттатайын деген шығар.
Мән-жайды білу үшін қаладағы автобус парктерінің біріне барып басшылығымен кездестік. Көлікті бағытқа жіберу алдында қалай тексеретінін, қалай жуатынын да көрсетті. «Техниканың дені жаңа болғандықтан көп қиындық жоқ», - дейді. Ал билетсіз жолаушылармен күресу үшін келесідей жоспар құрыпты.
Автобус паркінің директоры:
- Бізде бақылау қызметі деген бар. Біздің бағдарларға шығып, билеттерді тексеретін қызметкерлер. Бізде оның саны – 150 адам. Мұның санын 1-2 айда 200-ге жеткіземіз. Бұл кісілердің қызметі біздің бірден-бір табыс көзіміз.
Адамдардың жол ақысын төлемеуі қалай тіркеледі? 8 жылдық тәжрибесі бар жүргізуші Шығыс Жұматаев оның есебін түсіндірді.
Шығыс Жұматаев, жүргізуші:
- Таңғы уақытта бір аялдамадан 20-30 адам отырады. Жолақысын 30%-і төлемейді. Көбіне жастар, бізбен шамаластар төлемейді. Қанша адам кіргені және қанша адам төлегені бәрі көрініп тұрады мына жерден. Өзіміздің қаракөздеріміз төлемейді ақша.
Қарлығаш Масалимова, бақылаушы:
- Төлемеуін не деп түсіндіреді адамдар?
- Енді әртүрлі. «Ұмытып кеттім, телефонмен сөйлесіп қалдым», - дейді. Соткам өшіп қалды дейтіндер болады. Кейбіреулер өзімізге жала жауып әртүрлі сөздер айтып, түсіп кететіндер бар енді ұрыс шығарып. Тегін карточка неге басамыз дейтіндер бар.
Тегін жүруге әуес азаматтардың статистикасы да жасалыпты. Жыл басынан бері 290 мың адам жолақысын төлемеген. 13 мың азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Оларға салынған айыппұл көлемі 100 млн теңгеден асады.
Айтпақшы Астанада жолақысы 20 теңгеге қымбаттайтын болды. Жаңа тариф 1 тамыздан бастап күшіне енеді.
Әлихан Керімжан, қалалық көлік басқармасының бас маманы:
- Жеңілдікпен жүретін жолаушылар үшін ешнәрсе өзгермейді. Олар тегін жүре береді. Қалғандарына тариф 110 теңге болады. Айта өтейік, қоғамдық көлік қызметінің өзіндік құны 400 теңге. Бірақ оның басым бөлігін мемелкет субсидиялайды.
Ердәулет Ыбырайұлы, тілші:
- Тағы бір жаңалық. Елорданың автобус паркі алдағы бір жылда мынадай су жаңа 300 техникамен толығады деп күтілуде. Егер жоспар орындалса, автобустардың қатынау жиілігі 7 минутқа дейін қысқарады. Демек аялдамада ұзақ күту мәселесі шешілуі тиіс.
Ердәулет Ыбырайұлы, Азамат Сәметов