Хабар телеарнасы

Енді мердігерлердің жұмысын қоғамдық кеңестер де бақылайды

Мұндай норма 1 шілдеде қабылданған «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңда қарастырылған. Ал ешқандай техникасы жоқ компанияларға тендерге қатысуға мүмкіндік берілмейді. Себебі олар тиісті материалдық-техникалық базасы туралы мәліметті тапсырыс берушіге ұсынуы тиіс.

Сондай-ақ өзге өңірлерден келіп жұмыс істейтін құрылыс компанияларын азайту үшін жергілікті ұйымдарға басымдық беру көзделген. Конкурс өткізу мерзімі де қысқарады, - дейді Қаржы министрлігінің өкілдері. Бұрын мемлекеттік сатып алу процесі кемінде 2 айға созылса, енді ол 29 күнге кеміді. Ең бастысы – отандық өнім өндірушілерге бірқатар жеңілдік жасалып отыр.

Дәурен Кеңбейіл, ҚР Қаржы вице-министрі:

- Біздің отандық өнім жеткізушілерге 30%-тік алдын ала аванс төлеу көздедік. Егер отандық өнім берушілер жағынан белгілі бір заңбұзушылықтар жасалса, оларға салынатын айыппұлды 10%-тен 3%-ке дейін түсіруді көздедік және конкурсқа қатысқанда 3 түрлі обеспечение жасау түрі бар. Осы заявкалардың обеспечениесін де алып тастап жатырмыз.