Хабар телеарнасы

Таза Қазақстан: Үштөбеде 2,5 тоннадан аса қоқыс шығарылды

Жетісу облысының Үштөбе қаласында теміржол бойы тазартылды. Осылайша жергілікті тұрғындар туристер қатынайтын аймақты ретке келтірді. Тазалық науқаны аудан орталығымен қатар, ауылдарда да ұйымдастырылды. Көпшіліктің көмегімен 2,5 тоннадан аса қоқыс шығырылған.

Ерназ  Нұрмұханов, Қаратал аудандық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің инспекторы :

- Жыл басынан бері барлығы 16 сенбілік өтілді. Жалпы 16 мыңнан астам халық белсенді атсалысып,  530 тоннадан астам қоқыс шығарды. Жалпы «Таза Қазақстан» акциясында әрбір ауылдық округтер сырлау әктеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.