Хабар телеарнасы

Қорғалжын қорығындағы 26 құс түрі халықаралық Қызыл кітапқа енді

Қорғалжын қорығындағы 26 құс түрі халықаралық Қызыл кітапқа енді. Қорғауға алынғандардың арасында қызғылт және ақ түсті қоқиқаздар бар. Мамандардың айтуынша, былтыр Нұра өзеніндегі судың тартылуына байланысты олардың басым бөлігі қорықтағы көлде тұрақтамаған. Ал биыл елге 8 мыңнан астам қоқиқаз ұшып келіпті. Бұл туралы Қазақстанның экологиялық қоры мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы бірлесіп ұйымдастырған жиында айтылды. Жыл сайын жойылып кету қаупі басым құстарды 5 мың ғана адам көре алады. Олардың арасында Америка, Қытай, Германия, Польшадан келгендер көп. Дегенмен қорық аумағы мұқият күзетіледі. Сондықтан Қазақстанда қоқиқаздар қауіпсіздік сезіндендіктен жыл сайын балапандарымен қайта келеді екен. 

Ақбота Наурызбаева, Қорғалжын қорығы визит ортылығының меңгерушісі:
-Балапандар шыққаннан кейін, үш-төрт күннен кейін ересек құстар кішігірім балабақша ұйымдастырып, балапандарын өткізеді. Балабақшаны 20 шақты ересек құстар бақылап, қорғап жүреді. Кешкі мезгіл келгенде әр қайсысы балаларының дауысын танып, бөліп алады. Сосын тұмсықпен тұмсыққа жартылай қортылған қорекпен қоректендіреді. Біз қанша балапан шыққанын жаңағы сұр қауырсынынан білеміз.