Таза Қазақстан: Талдықорғанда өзен бойы қоқыстан тазартылды
Талдықорғанда «Таза Қазақстан» науқаны аясында Балықты өзенінің бойы қоқыстан тазартылды. 100-ден аса экобелсенді жарты сағатта бір көлікке жүк болар тұрмыстық қалдықты жинады.
«AMANAT» партиясы өкілдерінің мәліметінше, әр бейсенбіде ұйымдастырылатын тазалық жұмыстары нәтижесінде облыс бойынша 400-ден астам аумақ тазаланып, 560 тонна қоқыс шығарылған.
Айман Алқұмарқызы, қала тұрғыны:
- Көкке шыққан кезде әр адам өзі жинап жүрсе, өзіміздің ортамызды, өзіміздің жерімізді таза ұстап отырсақ, мұндай қоқыс болмайды ғой. Жағажай тап-таза болады ғой.