Хабар телеарнасы

Абай облысының Бородулиха ауданында тазалық шарасы өтті

Абай облысы Бородулиха ауданының тұрғындары ауыл маңын тазалап, бір тонна қоқыс шығарды. «AMANAT» партиясы ұйымдастырған акцияға саяси ұйым мүшелерімен қатар депутаттар, еріктілер мен өңір тұрғындары атсалысты.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы басталғалы саябақтар мен көшелер тазартылып,  60 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылған.