Хабар телеарнасы

Астаналық тұрғын жасөспірімді өрттен аман алып қалды

Сығанақ көшесіндегі 12 қабатты тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінде өрт шығып, 15 жастағы қыз қамалып қалған. Мұны байқаған ер адам қорғаныш құралдарынсыз, балкон арқылы өртенген пәтердің терезесінен кіріп, бойжеткенді құтқарған. Батырдың есімі Алтынбек Алтаев. Ол осы тұрғын үй кешенінде тұрады, 2 баласы бар.

Алтынбек Алтаев, Астана қаласының тұрғыны:

- Иә, бірінші кірген мен. Кіріп, автоматтарды өшіріп, тоқтан шыққаннан кейін пожарды. Сосын үй ішін барлығын қарадым. Ол қыздан басқа ешкім жоқ екен. Сол қызды бері алып, есікті іш жағынан теуіп, сөйтіп шыққанымыз рас.