Алматы облысының тұрғындары АЭС салу мәселесін талқылады
Алматы облысының тұрғындары атом электр станциясын салу мәселесін қызу талқылады. Өйткені аталған стратегиялық нысан орналасатын жердің бірі ретінде Балқаш көлінің жағасындағы Үлкен ауылы таңдалған. Бұл облыста жылына орта есеппен 600-630 МВт электр қуаты тұтынылады. Оның жартысы өзінде өндірілсе, қалғанын сырттан сатып алады. Еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан өңір болғандықтан, электр энергиясын тұтыну көлемі 2050 жылға қарай 3000 МВт-қа дейін жетуі мүмкін. Өйткені мұнда 4 жаңа индустриялық аймақ салу жоспарланған. Ал АЭС құрылысы - заман талабы,- дейді өңір тұрғындары.
Сергей Третьяков, Үлкен ауылының тұрғыны:
- Мен Қазақстан аумағынан атом электр станциясын салу туралы бастаманы қолдаймын. Өйткені біздің еліміз үшін энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізу өте маңызды. Болашақта ел аумағында көптеген кәсіпорындар салынып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Ал энергетикалық қауіпсіздік мәселесінде көрші елдерге үміт арта беруге болмайды.