Баянауыл ауданында құстар қырылып жатыр
Күркелі ауылы маңындағы Қосшалқар көлінен алдымен сары ала қаздардың өлексесі табылды. Кейін аққу мен басқа да құстардың қырылғаны белгілі болды. Ветеринарлар індеттің себебін анықтау үшін сынама алып, патогендік сараптамаға жіберген. Көлді тазалауға тұрғындармен қатар Баянауыл ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері де атсалысып жатыр. Ауданындағы барлық көл бақылауға алынған.
Руслан Төлепбаев, облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:
-Ветеринарлар алған патологиялық материалдар зерттеліп жатыр. Әлі нақты анықтама берген жоқ. Енді екі нұсқа бізде. Бірінші сол құстардың ауруы болуы мүмкін деп ойлаймыз. Екіншіден сол көлдің маңында жаңағы ауылшаруашылық қожалықтары бар екен. Олар өздерінің егістіктерін пестицидтермен уландырған екен. Мүмкін содан ба деп ойлаймыз.