Атом саласының әлемдік көшбасшылары Астанада бас қосты
Олар ядролық технологиялар мен атом энергетикасына арналған KazAtomExpo халықаралық көрмесінде озық технологияларын таныстырды. Осылайша Қытай, Оңтүстік Корея, Франция және Ресейден келген 4 жетекші компания еліміздегі атом энергетикасын дамыту туралы жоспарларын ортаға салды.
Ғұмар Серғазиев, ҚР Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры:
- Біз бұл көрмені азаматтарымыз АЭС технологиясымен етене танысып, реакторлар қалай жұмыс істейтінін көрсе екен, шетелдік тәжірибені білсе екен деген ниетпен ұйымдастырдық. Негізінен бұл жерде заманауи реакторларды көрсетеміз. Оның құрылысына кететін қаржының 40%-і қауіпсіздігіне бағытталады.