АЭС: Шикізат қоры жеткілікті ме?
«АЭС салатын болсақ, оны қажетті шикізатпен қамтамасыз етуге мүмкіндігіміз мол»,- дейді Үлбі металлургия зауытының мамандары.
Стратегиялық кәсіпорын жыл сайын Қытайға 200 тонна уран таблеткаларын экспорттайды. Қазақстан отыны Франция, Ресей және Канада елдерінде де қолданылады. АЭС салынса, зауыт мамандары екі ауысымда жұмыс істеп, өндіріс қуатын арттыруға дайын.
Сергей Бежецкий, Үлбі металлургия зауытының басқарма төрағасы:
- Атом электр станциясын отынмен қамтамасыз ету үшін жаңа зауыт салу тиімсіз. Сондықтан біз өндіріс орнын қажетті өніммен қамтамасыз етеміз. Қазірдің өзінде жыл сайын шамамен 400 тоннадан аса уран өндіреміз.