Биыл әлеуметтік салада 95 жемқорлық қылмыс тіркелді
Жемқорлар мемлекеттің қолдауына мұқтаж азаматтардың да несібесіне қол салып, әлеуметтік қорғауға бөлінген қаражатты жымқырудан тайынбай отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің дерегінше, жыл басынан бері бұл салада 95 қылмыстық іс тіркеліп, 58 адам әшкереленген, 34 адам сотталды.
Бірер мысал. №4 Атырау қалалық емханасының директоры мен қол астындағы бірқатар маман біріге отырып, қызмет көрсетпеген кәсіпкердің шотына 231,8 млн теңге аударып, қаражат жымқырғаны үшін 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Маңғыстау облысындағы №2 Жаңаөзен қалалық емханасы директоры мен бас бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.
Данияр Бигайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы көмекшісінің міндетін атқарушы - ресми өкілі:
- Олар мемлекеттік сатып алу шеңберінде медициналық бұйымдарды жеткізбестен жеке компания шотына 10,5 млн тг аударып, қаражат жымқырды деп күдіктелуде. Соттың санкциясымен кәсіпорын директоры қамауға алынды.